Шығыс Қазақстан облысының әкімі сүт өндірушілермен кездесті
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының аумағында сүт және сүт өнімдерін өндіретін бірқатар кәсіпорынның басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Эмиль» және «Шығыс Сүт» компаниялары өз өнімдерінің ассортиментін көбейту үшін тұрақты негізде жұмыс істейді. Кездесу барысында тараптар саланы мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ өңірде сүт және сүт өнімдері өндірісін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ өңір басшысы кешенді өңдеуге арналған шикізат өндіріп отырған шаруаларға да қолдау көрсетілетінін баса айтты.
Бүгінгі таңда облыс кәсіпорындары сүт өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарып отыр.