KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да тауарлы-сүт фермасы салынады

шартты сурет

24.01.2023, 14:25 511 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр.

Бұл ауыл халқын тұрақты еңбекпен қамтуға бағытталған жобалардың бірі, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Ұлан ауданында инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту аясында кешенді жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, Ұлан өңірінде бірнеше ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Солардың бірі – жаңа, заманауи роботты тауарлы-сүт фермасы. Украинка ауылындағы «Шығыс-Сүт» корпорациясы салатын жаңа нысанның құрылысы биыл көктемде басталып, 3 млрд. теңге мөлшерінде инвестициялық қаражат құйылады. Мамандардың айтуынша, аталмыш жоба сүт өндіру мен өңдеудің толық циклін қамтып, тұтынушыға сапалы өнім жеткізуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар жұмысшыларға арнап жаңа үйлер салынып, жаңа жабдықтар орнатылады.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта «Шығыс-Сүт» кәсіпорнының басшысы Сейілжан Сайлаубаев өз қаражатына Украинка ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Осылайша аталған ауылдың дамуына құйылған қаражат 150 млн. теңгеге жуықтады. Ал тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бюджеті салықпен толыға түспек.

Айта кетсек, бұған дейін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Привольное ауылының «Багратион» шаруа қожалығы жаңа тауарлы-сүт фермасын ашқан болатын. 400 бас ірі қара малға арналған бұл фермада әр мал басынан кемінде 15 литр сүт сауылады деп жоспарланған. Жалпы, ауданның жетекші ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі саналатын «Багратион» шаруа қожалығы – бүгінде Митрофановка, Привольное, Пролетарка ауылдарының тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған бірегей  шаруашылық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу