KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

Ұлан ауданындағы туристік орындарға апаратын жолдар жөнделеді

шартты сурет: depositphotos.com

7.08.2024, 12:58 140 Қуаныш Рахметоллаұлы

Ұлан ауданындағы туристік орындарға апаратын жолдар жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан тұрғындарымен кездескен облыс әкімі туризмді дамыту арқылы елуден астам сабақтас салаға серпін беруге болатынын атап өтті. Сондай-ақ  халықты кәсіппен шұғылдануға үндеу арқылы бюджетті толықтыруға жол ашылады.

– Жағажай демалысын, қысқы демалысты, аңшылық пен балық аулауды, тарихи және ауылдық жерлерді дамыту арқылы туризмнің негізгі бағыттарын ілгерілетеміз. Бұл үшін инфрақұрылымды жақсарту маңызды. Ауыл туризміне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, туристер ағынын арттыру мақсатында Ұлан ауданында  «AltaiFest-Өрлеу» фестивалі өтті. Жиналғандардың басым көпшілігі Қызылтасты бағындырды. Сондай-ақ өткен жылдың қараша айында  Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында «Шығыс салбурыны-2023» халықаралық бүркітшілер фестивалі өткен болатын. Бұл додаға әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналды.  Әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы да  қатысқан. Ол бүгінде отбасымен Ұлан ауданына көшіп келді. Ауылдық жерлерде туризмді дамыту арқылы, қонақ үйлерді ұйымдастыру, ауыл тұрғындарына үйлерді жалға беруден табыс табуға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Туристік саланың дамуына жол сапасымен тікелей байланысты екені анық. Өңірде биыл «Жол жылы» шеңберінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қаржыландыру 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін, яғни 2 есе өсті. Халық саны аз 79 ауыл таңдалды. Бұл елді мекендердің көшелерінде ешқашан асфальт болмаған. Оның ішінде Ұлан ауданының 13 ауылы бар.  

Өңір басшысы Дұбығалы, Шыбындыкөл, Сартымбет көлдеріне баратын жолдар сапасының төмендігіне халықтың шағымдарын ескере отырып, Ұлан ауданының әкімі ағымдағы жылы осы көлдерге кіре беріс жолдарды жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив