KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

ШҚО: Олимпиада жеңімпаздары грантқа үміткер болады

фото: fppik.vkgu.kz

8.08.2024, 11:31 86 Айжанат Бақытқызы

Жыл сайын дарынды жастарды қолдау мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 20-дан астам пәндік олимпиада өткізіледі. Жеңімпаздар университеттің төрт жылдық грантын алуға үміткер бола алады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Университет жыл сайын оқуда жоғары көрсеткіш көрсеткен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын талапкерлерді үнемі қолдайды.

Сонымен қатар, С.Аманжолов университеті «Менің Қазақстаным», «Туған ел. Туған жер. Туған глобал», «Абай оқулары», «Педагогикалық ассорти», «Дарын» сияқты ауқымды облыстық және республикалық олимпиадалар ұйымдастырады. Осы білім сайыстарының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік қарастырылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив