Күршімдегі қазандықтар жаңғыртылып жатыр
Күршім ауылындағы жылыту жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске салайық, өткен жылы аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті қазандықтарды, сондай-ақ жылу желілерін кешенді жөндеу жұмыстары басталған болатын.
– Қазіргі уақытта «Қазпошта» аумағында орналасқан қазандықты жөндеу жұмыстары қызып тұр. Осы ретте жоспар бойынша қазандықтың жабдықтарын ауыстыру, жаңа жылу трассаларын салу және реттеу жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады, – деп хабарлайды аудан әкімдігінен.
Мамандар жақын арада қазандықтың маңайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылатынын да жеткізді.
Оқи отырыңыз
Ертең Өскеменнің үйлеріне жылу беріледіАбай, Алтай, Аягөздің жылыту қазандығындағы жұмыстар 10 қазанда аяқталуы тиісАудандардағы жылу жүйелері жаңартылатын болады – ШҚОКүршімде жылу жүйесіне қосуға 205 млн теңге жұмсаладыРиддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді