KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шығыс өңірінде бүгін де үсік жүреді

фото: depositphotos.com

4.09.2024, 10:13 51 Айжанат Бақытқызы

Қазгидрометтің облыстық филиалы ұсынған деректерге сүйенсек, 4 қыркүйекте өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде облыстың шығысында ауа температурасы екі градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Тұрғындар сақтық шараларын сақтауы керек. Желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, аялдамалардың артына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз. Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы алуға болады. Бірыңғай құтқару телефоны – «112», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив