KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні

фото: emcrk.kz

5.09.2024, 15:02 78 Айжанат Бақытқызы

Бүгін елімізде Қазақстан халқының тілдері күні атап өтіледі. Республика бойынша қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және осы мерекеге орайластырылған 300-ден астам ірі іс-шара өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті атаулы күнді мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырды.

Айтулы мерекенің қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі ұлт ұстазына деген құрметтің белгісі.

Мереке қарсаңында республика бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оның қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған мерекелік іс-шаралар, атап айтқанда, фестивальдер, форумдар, мүшайралар, концерттер, танымдық кездесулер, тілдерді білуге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б. ұйымдастырылады.

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері тарапынан Тілдер күнін мерекелеу аясында тақырыптық апталықтар, онкүндіктер мен айлықтарды қамтитын өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Республиканың барлық мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептерінде, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, тілдік конкурстар, поэзия кештері, кітап көрмелері және басқа да іс-шаралар өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив