KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Фото: kazbilim.kz

5.09.2024, 09:13 48 Ержан Әбіш

Бүгін белгілі ақын, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының (5 қыркүйек 1872 ж. — 8 желтоқсан 1937 ж.) туған күні, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қаламгердің алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Кейін азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып шықты.

«Масаның» негізгі идеялық қазығы жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті насихаттау, еңбек етуге үндеу болды. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалды.

Бұдан бөлек, ақын ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен құбылысқа айналды. Қаламгердің публицист, баспасөз ұйымдастырушысы ретіндегі еңбегі де ұшан-теңіз. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор ретінде тарихта қалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив