KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Стоматологтар: «сүт тісті емдеудің қажеті жоқ» деген пікір қате

pexels.com

13.10.2024, 19:00 89 Назерке Каримова

Уақтылы емделмеген сүт тісі болашақта балада гастрит, ойық жара, колит, тітіркенген ішек синдромы және т.б. сияқты үлкен проблемалар тудыруы мүмкін.

Бұл туралы ҚР ДСМ Бас штаттан тыс стоматологы Сәуле Есембаева айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Балалардың стоматологиялық денсаулығы Қазақстандағы стоматологтарды ғана алаңдатпайды, бұл – әлемдік проблема. ДДҰ-ның жаһандық тұжырымдамасының 2023 жылы қабылдануы кездейсоқ емес, онда алдын алу шараларының маңыздылығы ерекше атап көрсетілген. Ең маңызды екі индикатор бөліп алынды: атап айтқанда, халықтың 80%-ы стоматологиялық көмекке қол жеткізуге тиіс және стоматологиялық сырқаттанушылық 10%-ға азаюы керек, - деді Сәуле Есембаева.


Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шаралар қабылдады, оның ішінде, ең бастысы – «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасын қабылдау.

- Жоба республикада қолданылып жүрген стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттерін жетілдіру және 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде одан әрі профилактикалық іс-шаралар өткізу үшін әзірленді. Бүгінгі таңда мұндай мектептердің саны - 1166, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс стоматологы.


Жоба биылдан бастап 2028 жылға дейін жүзеге асырылады. Еліміздің 7 облысында 98 кабинет жұмыс істейді, онда стоматологиялық қондырғылар бар, стоматолог-дәрігерлер мен дантистер бар.

- 2025 жылдан бастап 1000 және одан да көп оқушы оқитын мектептерде тіс дәрігерлері мен стоматологиялық гигиенистер жұмыс істейтін профилактикалық стоматологиялық кабинеттер ашылады, - деді спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу