Тіс емдету кепілдендірілген көмек пакетіне қосылуы мүмкін
ШҚО-да стоматологиялық қызметтер кепілдендірілген көмек пакетіне кіруі мүмкін.
Қазіргі уақытта медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде стоматологиялық қызметтерді азаматтардың кейбір санаттары ғана ала алады. Балалар, жүкті әйелдер, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар зейнеткерлер және мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын адамдар ғана тегін тіс емдете, алады. Бірақ алдағы уақытта бұл жағдай өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Стоматологиялық қызметтер денсаулық сақтау саласындағы ең қымбат процедуралардың бірі болып саналады, бірақ кепілдендірілген көмек көлеміне кірмейді. Көптеген азаматтар кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне тіс емдеу процедураларын қосуды талап етеді.
Бұл мәселе ерекше өзекті болғандықтан, бірқатар түйткілді тұстарды ескере отырып қабылдануы мүмкін екен.
Биыл стоматологиялық қызмет көрсетуге 993 миллион теңге бөлу жоспарланған.