KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, З
518.57 566.59 6.05

Мектептерде стоматология кабинеттері ашылады

pexels.com

12.10.2024, 15:00 140 Назерке Каримова

Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Денсаулық сақтау министрлігі мен оқу-ағарту министрлігі оқушыларды сауықтыру бойынша бірлескен жоспарларды белгіледі.

Бірлескен жоспарлар қатарында 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттерді ашу бар.

- Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі "Сау тіспен болашаққа" жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу