KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Бастауыш сынып оқушылары жол жүру ережелерін қайталады - ШҚО

17.09.2022, 00:48 569

Балалар жылы аясында бастауыш сынып оқушылары қауіпсіз жол жүру ережелерін тағы бір қайталады.

Балалар қауіпсіздігі – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі. Жыл сайын «Казцинк» кәсіпорны, ШҚО Білім басқармасы және Полиция департаменті бірлесіп «Мектепке жол» акциясын өткізеді. Биыл да өңірдің барлық бастауыш сынып оқушыларына мектепке барып-келер жол оқыс оқиғасыз болу үшін қауіпсіз жүріп-тұру ережелері жазылған түрлі-түсті жаднамалар таратылды.

- Акция балаларға, ата-аналарға және педагогтерге ұнағаны соншалықты, біз биылғы жылы жаднамалардың таралымын екі есе көбейтіп, өңірдің барлық бастауыш сынып оқушыларына таратуды шештік, - дейді «Казцинктің» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ

Аталмыш акция осымен қатарынан үшінші жыл өткізілуде. Жолда, көлікте, көшеде жүру ережелері, сондай-ақ вирустардан қорғану негіздері жазылған арнаулы екіжақты брошюралар 42 000-ға жуық бастауыш сынып оқушыларына жолданды. Жаңа оқу жылында жаднама өзінің мазмұнын жоғалтпай, ықшамдала түсті. Ыңғайлы өлшемінің арқасында баспа құралын енді мектеп күнделігіне сыятындай етіп бүктеуге болады.

Жаднаманың ерекшелігі – артқы бетіне балалар ересектермен бірге қауіптілігі жоғары жерлерді көрсете отырып, мектепке баратын және кері қайтатын жолдарын бейнелей алады. Мұндай интерактив мектеп оқушыларына неғұрлым қауіпсіз бағдарды жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.

- Біз мұндай бастамаларды үлкен қуанышпен қолдаймыз, өйткені мектеп бағдарламасында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлеміз. Ережелерді қайталау ешқашан артық болмайды, ал оларды тәжірибеде бекіту екі есе пайдалы, - деді ШҚО Білім басқармасы тұлғаның рухани-адамгершілік дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Асем НУСКЕНОВА.

Жаңа оқу жылында алғашқы жаднамаларды Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары бірінші болып иеленді. Жаднамаларды акция ұйымдастырушылары келіп тапсырды.

- Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ. Қарапайым ереже жазылған жаднама мектеп-үй ортасында балалардың қауіпсіз жүру жолдарын түсіндіретіні маңызды, - дейді ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айгерим БЕЙСЕМБАЕВА.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу