KZ
Өскемен
+23°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Есімі халықаралық энциклопедияға енген ұстаз - ШҚО

29.03.2023, 18:32 4 056 ALTAINEWS

Ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған Айсұлу Зарипова Үлкен Нарын ауылдық лицейінде 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол жоғары санатты мұғалім, педагог-зерттеуші, ең бастысы – оқушының жанын түсінетін нағыз дос.

Бұрынғы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (қазіргі С.Аманжолов атындағы ШҚУ)  орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған ол еңбек жолын әлемдік көркем мәдениет пәнін оқытудан бастаған. Кейін директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары болды. Айсұлу Қабдулуаханқызының орыс тілі мен әдебиеті мамандығын таңдауына зор ықпалын тигізген өзінің  Н.Нұрахметқызы,  З.Шаньшина секілдіұстаздары болды. Оларды Айсұлу әлі күнге дейінмақтанышпен еске алады. Дәл осы кісілерге ұстаздықжолға бағыттағаны үшін алғысы шексіз.

 Айсұлу Зарипова өзінің пәнін терең меңгерген,оныңәр сабағы жоғары деңгейде өтеді. Жылдан-жылға өзін дамытып отыратын ұстаз оқушылардыңқызығушылығын арттыруда іскерлік ойын, квест, зерттеу сабақтары, жоба сабақтары сияқтытүрлі әдістерді қолданады. Оның түсінігіндегі нағыз сабақ 45 минуттық ізденіс пен толғаныстан тұруы тиіс. Жұмыстыңқызығына енген сайын іздене түсіп, әрбір 45 минутты сапалы өткізуге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн дейді. Сондықтан да болар, әр сабағына шығармашылық тұрғыдан қарайтын мұғалімнен білім алуға оқушылар да ынталы. Ұстазбен бірге ізденіп, жаңалық ашуға талпынады. Олар білім нәрімен сусындап қана қоймай, адалдық, әділдік, мейірімділік сияқты адамгершілікқасиеттерді де бойға сіңіреді. Айсұлу мұғалімнің шәкірттерінің арасында мәнерлеп оқу сайысының, пән олимпиадаларының жеңімпаздары бар.

 

Айсұлу Зарипова өз білімін ұдайы толықтырып отырады. Жаңашыл ұстаз оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліп, түрлі іс-шараға белсенді араласады және әріптестерін де тартады. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды: коучинг, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған тренинг, әдістемелік онкүндік, фестивальдарды шебер жүргізеді. Өзін-өзі дамытудың мысалы ретінде оның «Оқу сауаттылығын дамыту: ҰБТ және PISA-ға дайындық» атты авторлық бағдарламасын келтіруге болады. Жетекші мектептің үйлестірушісі А.Зарипова аудандағы мұғалімдердің желілік қоғамдастығының жұмысын ұйымдастырып, басқа үйлестірушілермен бірге облыстық әдістемелік педагогикалық идеялар жәрмеңкесінің бастамашысы болды. Ол бастаманы қолға алып, оқу үдерісіне жапондық Lesson study (Lesson study) әдісін енгізу бойынша мектептегі әріптестер тобының модераторы болды. Зерттеу тәжірибесін «Іс-әрекеттегі зерттеулер және сабақты зерттеу: оқу орындарында енгізу тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстырды.

Айсұлу Қабдулуаханқызы кәсіби байқауларға үнемі қатысып отырады. Атап айтсақ, «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, «Жаңашыл ұстаз» номинациясының жеңімпазы атанды. 2022 жылы республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, І орынды иеленді. Байқауда «Өзін-өзі бағалау заманауи сабақтың құрамдас бөлігі ретінде» атты бейнедәріс көрсетті.

Ол  аудандық, облыстық деңгейдегі алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Есімі «The Best in Education» халықаралық энциклопедиясына енген.

Ұстаз мамандығы адамнан терең білімді ғана емес, ақыл-ой кемелдігін, төзімділікті де талап етеді. Қуаныштысы, көптеген қиыншылыққа қарамастан ұстаздық қызметті жанымен қалап, еңбек етіп жүрген жандар қазір жетерлік. Жарты ғұмырын білім саласына арнаған Айсұлу Қабдулуаханқызы да бұл орайда дұрыс таңдау жасағанына еш күмәніміз жоқ.


Автор: Мейрам Екпін

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив