ШҚО-да 600-ден астам мектепке бейнебақылау жүйесі орнатылды
ШҚО-да білім беру мекемелерінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Тексеріс барысында кейбір мектептерде бейнебақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтіндігі анықталды.
Бұл туралы ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.
- Өңіріміздегі білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мониторинг жүргізу барысында 10 мектепте бейнебақылау камералары жұмыс істемейтіндігі анықталды. 533 (82,3%) мектепте бейнебақылау жүйесі стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді. Барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесін қосымша жабдықтауға және жаңартуға өтінім берді, - дейді Зейнеп Махсутова.
Оның айтуынша, осындай кемшіліктерді жою үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталмақ