KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Колледждерге 6,6 мыңнан астам грант бөлінді – ШҚО

Фото: atr.kz

29.05.2024, 17:02 1 843 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беріп жатқан 39 колледж бар. Онда 18 мыңнан астам студент білім алуда.

Ағымдағы жылы оқу орнын 101 мамандық бойынша бес мыңға жуық түлек тәмәмдайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024-2025 оқу жылында колледж талапкерлері үшін 6630 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша - 905 орын бөлінген.

- Қабылдау комиссияларының жұмысы 25 маусымда басталады. Қабылдау бейіндік бағалаудың орташа балы негізінде ақпараттық жүйе арқылы «Ақша студентпен» механизмі бойынша жүзеге асырылады, – деп толықтырды Инесса Чернышева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив