Мектеп түлектері колледждерде тегін оқи алады
Алдағы жаңа оқу жылында мектеп түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мол мүмкіндік туып отыр.
Колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келеді. 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен оқытуға 5905 орын бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
– Аймақтың экономикасына қажетті кадрларды 41 колледж дайындап жатыр, оларда 17 000 студент оқуда. Колледждер барлығы 101 мамандық оқытады. Колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келеді. Тек 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен оқытуға 5905 орын бөлініп отыр. Бұл облыстың колледждерінде тегін білім алғысы келгендердің бәрін қамтуға жетеді. Педагогика, медицина, шығармашылық мамандықтарынан басқа мамандықтар бойынша түлектердің бәрі колледждерге емтихансыз қабылданады. Абитуриент қай тілде білім алуды және төрт колледжге, төрт мамандыққа дейін өзі таңдай алады, – дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Колледждерге құжаттар қабылдау 25 маусымда басталады. «ШҚО абитуриент» ақпараттық жүйесі грантқа үміткерлерді аттестаттың орта балы негізінде өзі таңдайды.
Автор: Жамал Ермен