ШҚО: Кәсіптік-техникалық оқуға 6 мыңға жуық грант бөлінді

шартты сурет
Бүгінде Шығыс Қазақстанда облысында кәсіптік-техникалық оқытуға орасан зор көңіл бөлінуде.
Мәселен, 2023/24 оқу жылы 6 мыңға жуық грант тағайындалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Өңірде 41 колледж кадр даярлайды. Қазіргі уақытта 17 000 студент білім алып жатыр, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Кәсіптік-техникалық оқыту біліктілігінде 153 мамандық бар болса, өңірдегі орта білім ошақтарында соның 101-і оқытылады. Колледждерге түсу үшін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын артып келеді. 2023/24 оқу жылына 5905 мемлекеттік тапсырыс орнын бөлу жоспарланған.
– Бұл облыс колледждерінде тегін білім алғысы келетін талапкерлердің барлығын қамтуға мүмкіндік береді. Қабылдаудың негізгі ережелеріне тоқталсақ, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтардан өзге мамандықтар үшін түсу емтиханы тапсырылмайды. Талапкер төрт колледж және төрт мамандық таңдауға құқылы – деді білім басқармасының басшысы.