ШҚО-да 83 әскери қызметші өтеусіз қан доноры атанды
Ағымдағы жылдың 19 және 20 сәуір күндері «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының» көшпелі бригадасы 6699 әскери бөліміне барды.
Әскери қызметшілер үшін қан орталығына келу жақсы дәстүрге айналған. Жұмысбастылықтарына қарамастан, олар уақыт тауып, үнемі қан тапсырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Донорлық – бұл өзгелердің атынан жасалатын игілікті іс. Сіздің берген қаныңыз – құтқарылғандардың жүрегін тың күшпен соғуға мүмкіндік беретін жаңа ұшқын. Сіздің қаныңыз – үлкен құндылық! Сіз қан тапсыру арқылы науқастарға өмір, қуанышты сәттер сыйлайсыз. Көптеген адамдар өздері бұрын-соңды көрмеген адамдарға – өз еркімен қан берген донорларға өмірімен қарыздар", дейді мамандар.