Өскеменде 100-ге жуық әскери қызметші қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімнің 100-ге жуық әскери қызметші «Мен - донормын!» акциясы шеңберінде Өскемен қаласының қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды.
Ем-шара алдында әрбір донор қан тобын анықтау бойынша алдын ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ ықтимал қарсы көрсетілімдерді түсіндіру үшін дәрігерлермен әңгімелесуден өтті.
-Адамдар көмекке мұқтаж, барша жандарға қолұшын созуы тиіс. Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмірінде қан ауыстыруға зәру болады. Біз бүгін 400 миллилитр қанымызды бердік және қанымыз көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалады деген үміттеміз-дейді 5518 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Еділжан Сырлыбаев.
Бағдат Амангелді,
"Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызмет бастығы