Өскемендегі әскери қалашықта саябақ ашылды
Өскемен гарнизонының басшылығы Жаңа Ахмер қалашығындағы әскерилердің балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларының балалары үшін құттықтау, шоу-бағдарлама мен ертегі кейіпкелерінің қатысуымен ойын-сауық ойындарымен мереке ұйымдастырды.
Одан бөлек, әскери қалашықта Әскери қызметшілердің отбасына арналған саябақтың ашылды. Саябақ гарнизон басшылығының ұйымдастыруымен әскери қалашық аумағында салынып, гүл көшеттері отырғызылып, кіре берісіне әскери қызметші отбасының мүсіні қойылған ескерткішпен безендендірілген.
Мерекелік іс-шарада сыйлықтар да болды. Әскерилер балалар үшін спорттық жабдықтар, дидактикалық ойындар және тәттілерді де дайындаған.
Айта кетсек, 25 мамыр-1маусым аралығында "Мен елімнің бақытты баласымын!" атты тақырыпта әскери қызметшілердің балалары салған суреттерге конкурс өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаздар гарнизон басшысының грамоталарымен марапатталды.
Әскери қызметшілер қалашық аумағын тазартуға және абаттандыруға, ойын алаңын жаңартуға үнемі көмек көрсетіп тұрады. Әр мереке сайын балаларға экскурсиялар мен концерттер, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұның бәрі жақсы дәстүрге айналып, жылдан жылға жалғасуда.