KZ
Өскемен
+1°
снег жел 6 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да қызылша жұқтырғандар саны артқан

Фото: mgazeta.com

23.11.2023, 23:57 192 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде ШҚО бойынша қызылша жұқтырған 87 жағдай анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сүйенсек, қызылша ауруын жұқтырғандардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

22 қарашадағы жағдай бойынша, ШҚО-да 87 тұрғын қызылша жұқтырған. Оның ең көбі облыс орталығында (70 жағдай). Сонымен қатар Глубокое, Самар, Ұлан, Зайсан және Алтай аудандарында да тіркелген.

- Жұқпалы аурулар ошағына эпидемияға қарсы іс — шаралар толық көлемде жүргізілді. 4719 адам медициналық бақылаумен қамтылды, - делінген хабарламада.

Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ.  Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация. Сол үшін 6 қарашадан бастап елде жаппай иммундау басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу