Pfizer: Мектептерде екпеге арналған кабинеттер дайындалады
Шығыс Қазақстан облысына бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 35 100 дозасы жеткізілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
– 17 550 доза Өскеменде, 17 550 доза Семейде сақтаулы тұр. Облыс бойынша 22 мұздатқыш құрылғы сатып алынған. Сондай-ақ бізде вакциналарды тасымалдауға арналған 46 термо-контейнер бар, – деді басқарма басшысының орынбасары Эльмира Рахимбаева.
Эльмира Рахимбаеваның айтуынша, оқушылар вакцина алу үшін емханаларға бармайды. Оның орнына мектеп ішінен екпе кабинеттері ашылады.
Оқи отырыңыз