KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 9 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Балалар вакцинаны уақытша кейінге қалдыра ала ма?

16.11.2021, 12:37 379

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығында денсаулық сақтау және білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен балаларға вакцина салу тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.
Брифингі барысында мамандарға «Балалар вакцинаны уақытша кейінге қалдыра ала ма?» деген сұрақ қойылды.

– Әрине. Оқушы екпені қашан аламын десе де, өз еркі. Сондай-ақ бүгін вакцинадан бас тартқан ата-ана ертеңгүні бұл ойынан айнып жатса, ақпараттық хат толтыру арқылы ешқандай қиындықсыз қайтадан екпе алуға өтініш бере алады, – деп жауап берді облыстың бас педиатры Гүл Құсайынова.

Сонымен қатар вакцинаны бірінші кезекте 16-18 жастағы жасөспірімдер алатыны белгілі. Алайда, бас педиатрдың айтуынша, орта сынып оқушылары дәл қазір вакцина алуға өтініш берсе, бірден қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу