KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

"ЦОН-дарға" бронь арқылы ғана бара аласыз - Өскемен, Семей

21.01.2021, 09:42 144
Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірлердегі ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды. 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. 

Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.
ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

 Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады. 

«Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиал директоры Азамат Есембулов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив