Жерлесіміз Универсиада-2025 алтын жүлдесін жеңіп алды
Фото: Sports.kz
Қазақстандық фристайл-могул шебері Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Финалда жерлесіміз 79,79 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Жапониялық Харука Накао 76,29 ұпаймен алды. Үздік үштікті Германиялық Ханна Виис 75,04 ұпаймен түйіндеді. Қазақстан құрамасындағы тағы бір спортшы Аяулым Әмренова 70,52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Универсиада-2025 ойындарындағы алғашқы алтын медалі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін шығысқазақстандық фристайлшы Анастасия Городко жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын мен күміс медаль жеңіп алғандығын жазған болатынбыз.
Видео: qazsport