KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Шығыстағы техникалық университет Наурыз мерекесін тойлады

7.04.2023, 10:50 273

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Әз Наурыз» мерекесін барынша сән-салтанатпен атап өтті.

Қазақ халқы ежелден Наурызды бір ай бойы тойлаған ғой. Ұлтымыздың ұлық мерекесінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, университет ұжымы ауыл-ауылға бөлініп, ұлттық тағамдардан дастархан жайып, тарту-таралғыларын ортаға салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Жиналған халайықты университет ректоры Сауле Рахметуллина құттықтады. Мұнан соң көпшілік әр ауылдың дастарханын, өнерпаздардың өнерлерін тамашалап, баға берді. «Ауыл-аймақты» таныстырудан соң студенттер, жоғары оқу орнының қызметкерлері, оқытушылар мерекелік дастарханнан дәм татты.

Бұл күні ұлттық мейрам аясында университет алдындағы алаңда гір көтеруден, арқан тартудан, асық атудан, нысана көздеуден, қол күресінен жарыстар өткізіліп, тепсе темір үзетін университет жастары бір-бірімен бақ сынасып, «кім мерген», «кім білекті», «кім мықтыны» анықтады.

 

Техникалық университеттегі көңілді де думанды Наурыз көптің көңілінен шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив