Семейде ана мен бала лифтіде тірідей жанып кете жаздады
Семейдегі көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оның ішінде қалып қойған анасы мен баласы тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Кәрменов 11/а мекен-жайынде 1 тамыз күні сағат 19:00 шамасында болған.
Куәгелердің айтуынша, өрттің салдарынан бірнеше айлық бала ыс тиіп уланып, құтқарылған бетте дереу ауруханаға жеткізіліпті.
– Өрт кезінде лифтіде кішкене сәбиімен бірге әйел қамалып қалыпты. Өрт сөндірушілер есікті бұзып шығармаса, тірідей жанып кетуі мүмкін еді. Ол аздай жарық та өшіп қалды, егде кісілерге енді лифтісіз жүруге тура келеді. Біз тұрып жатқан үйде 3 бірдей адам 1 топтағы мүгедек болып табылады. Бізді қойшы, оларға мұндай жағдайда сыртқа шығу, тіпті, қиын, – дейді көппәтерлі үйдің тұрғыны Қымбат Садықова.
Өрттің шығу себептері анықталуда.