KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Өскеменде 9-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

26.04.2023, 10:12 349 Ләззат Қанатқызы

25 сәуір күні ШҚО ТЖД құтқарушыларына тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатынан әйел адамның секірмек болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, ол өзінің күйеуімен жанжалдасып қалғандықтан осындай әрекетке баруға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

- Құтқарушылар дереу арада оқиға орнына жеткенде балконда тұрған әйел адамды көрген. Дереу іске кіріскен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері алдымен жұмсақ балонды дайындады. Кейін үйдің артқы жағынан автосаты арқылы көтеріліп, пәтерге кіріп, әйелді байқатпай ұстап алып, ішке кіргізді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының психологы, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем 1989 жылы туған әйелмен сөйлескеннен кейін оның бұл әрекетке баруына күйеуімен арадаға жанжал себеп болғанын  анықтаған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу