KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, В
530.12 546.08 5.17

1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш алмақ болған мекеме анықталды – ШҚО

Шартты сурет

18.05.2023, 10:09 1 424 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде «Семей медицина университеті» КЕАҚ Өскемен филиалы тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғандары анықталды.

Атап айтқанда, білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш (швабра) және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас жиынтығын сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, еден сүрткіштің орташа нарықтық құны – 25 мың теңге, бір матрас жиынтығының бағасы – 30 мыңнан 130 мың теңгеге дейін.

  Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, үнемдеу шамамен 3 млн теңгені құрады. Үнемделген қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталатын болады, дейді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары.

Сондай-ақ, департамент ұсынымдары бойынша, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алуды қайта қарап, нәтижесінде 2022 жылы 425 млн теңгеге бюджет үнемделген, ал осы жылдың басынан бері 205 млн теңге үнемделді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Ecvffg 12 қараша 2024 08:45
0

buy generic dostinex 0.5mg - order cabergoline 0.25mg alesse where to buy