ШҚО-да екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
Фото: svidok.info
Өткен 2023 жылдың соңында ШҚО-да екі бірдей жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.
Қайғылы жағдайдың бірі Глубокое ауданында, екіншісі Күршім ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жасөспірім қыздардың өз-өзіне қол жұмсауына жауапсыз махаббат себеп болған көрінеді. Олар үй-ішіне хат жазып қалдырған.
- 2023 жылы облыста жасөспірімдер арасында 37 суицид фактісі тіркелді. Көп жағдайда ата-анасымен, өгей әкесімен немесе қамқоршысымен арадағы жанжалдар себебінен осындай қадамға барады, - дейді ШҚО ПД тергеу бөлімінің жетекшісі Дәурен Имандиев.
Одан бөлек жауапсыз махаббат, жақындарынан айырылу,оқудағы қиындықтарына байланысты суицид жасағандар да тіркеліпті.
Оқи отырыңыз