Өскеменде ер адам өз денесін пышақпен тілгілеп тастады
Өскемендегі Михаэлис көшесінде тәртіп сақшылары қан-жоса болған ер адамды ұстады. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Оқиға куәгерлері түсіріп алған бейнежазбаны yknews.kz инста-парақшасы жариялады.
Денесін пышақпен тілгілеп, бар дауысымен айқайлаған ер адам полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. ШҚО ПД-нің мәліметінше, 37 жастағы қала тұрғыны көп қабатты тұрғын үйдің жанында суицид жасамақ болған.
- Аталған дерек бойынша ҚК-тің 105-бабы, 1-бөліміне (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізіу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді департаменттегілер.