KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Туристік жорық кезінде қыз бала суға кетіп қалды – ШҚО

6.08.2024, 12:28 116 Ләззат Қанатқызы

4 тамыз күні Риддер қаласынан бес шақырым жерде қайғылы оқиға орын алды.

20 адамнан тұратын топ өз бетінше жаяу серуендеуге шыққан. Громотуха өзенінің сарқырамасына келгенде 14 жастағы қыз тасқа тайып, ағыны қатты суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Оқиға орнында қыздың ата-анасы да болыпты.

- Сағат 14:45-те №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Громотуха өзені учаскесінде "Компания ЛК ГЭС" ЖШС су қоймасынан жоғары ағысқа қарай бір қызды су алып кеткені туралы хабарланды. Сағат 15:30-да оқиға орнына УАЗ құтқару көлігіндегі 10 адам және Риддер қалалық ІІБ-нің 5 қызметкерінен тұратын ЖСҚ-1 бөлімі жіберілді, – дейді Риддер қалалық төтенше жағдайлар бөлімі.

Іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Сағат 18:03-те су алатын жерден бес шақырым, жағадан 25 метр жерден қыздың денесі табылды. Азаматтық қорғау қызметкерлері полиция қызметкерлерімен марқұмның денесін судан шығарып, арнайы қызметке тапсырған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу