KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

ШҚО-да тасжолда аязда 15 жүргізуші қалып қойған

5.01.2021, 09:41 232

Жүргізушілер Павлодар облысына қарай бағыт алған. Shacman маркалы жеті көліктің дизель отыны суықтан қатып қалған, 15 адам аязда қозғала алмаған. 

"Олар сағат 02:10 шамасында Курчатов қаласының құтқарушыларына хабарласты. Құтқарушылар келіп, 15 азаматты жылыну пунктіне жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік әкелді", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер

ШҚО-да бірнеше күннен бері минус 42-45 градусқа дейін аяз болып тұр. ТЖД мамандары аймақ тұрғындарынан алыс жолға шықпауды сұрады.

168882.jpg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу