KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 5 м/с, В
447.89 476.78 4.79

Тоқаевтың штабы Абай мен Ұлытау облыстарына барды

1.11.2022, 16:00 322 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы сайлаушылармен кездесулерді Абай облысынан бастап, Ұлытауда жалғады.

Облыс жұртымен кездесу барысында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Президенттің саясаты мемлекет мүддесін, ел тәуелсіздігін қорғауды көздейді. Халық қалауы да – осы! – деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Бөкейханов университетіндегі жиында штаб мүшелері сайлауалды бағдарламадағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүзеге асатынын атап өтті. Сондай-ақ «Семей Цемент» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Штабтың сайлаушылармен кездесуі Ұлытауда жалғасты. Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив