Мейрам Қажыкен Қостанай өңіріне барды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай өңіріне барды.
Кандидатты өңірлік сайлауалды штабтың өкілдері мен еріктілер қарсы алды.
Үміткер алдымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне барды. Студенттер және оқытушылармен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді.
– Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі ол, бүгінгі таңда, жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады (ЕТЖ), яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрайтын болады. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек, – деді кандидат.
Кездесу қорытындысы бойынша Мейрам Қажыкен Ахмет Байтұрсынов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.