Қарақат Әбден сайлауалды науқанның қалай жүріп жатқанын айтты
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабындағы жұмыс барысы туралы айтты.
– Әуелі елорда аумағында Қосшы, Қояды ауылдарына барып халықпен кездесу өткіздік. Сондай-ақ Қарағанды облысына, Павлодар және Семей, Алматы облыстарына сапарладық. Біз облыс орталықтары емес, сол өңірдің елді мекендеріне баруды жөн санадық. Өйткені басты мәселелер сол жерде деп білеміз, - деді Қарақат Әбден.
Үміткердің айтуынша, елімізде 20-ға жуық штаб жұмыс істеуде, 2 мыңнан астам волонтерлер қызмет етіп жатыр.
Қарақат Әбден сайлауалды науқан басталғалы бері ел аймақтарын аралап, өңірлік сайлаушылармен кездесуде. Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.
Еске сала кетейік, кандидат Павлодар қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті сұрақтарды талқылаған еді.