KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Мейрам Қажыкен жұмыс сапарымен Ақтауға барды

9.11.2022, 15:08 341 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен келді.

Үміткер теңіз сауда портына барып, қызметкерлерге өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып өтті. Сондай-ақ порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал порт қызметкерлері үміткерге паром кешені, мұнай құю айлақтары, астық және құрғақ жүк терминалдары, тиеу-түсіру кешені, Портофлот, «Баутино» жүк ауданы, оның инфрақұрылымы туралы айтып берді.  Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, үміткердің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

- Жолдар - коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген жолдар бар. Мен бұл мәселені жақсы білемін, - деді үміткер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив