KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үржарлық дзюдошы Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

28.03.2019, 09:56 200

Грекия астанасы Афина қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов жүлдегерлер қатарынан көрінді.


Академияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.


Естеріңізге салайық, Қуандық осыдан біраз бұрын Атырау қаласында өткен 1999-2001 жылдары туған жастар арасындағы ел біріншілігінде де жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

 

Үржар ауданының тумасы республикалық доданың чемпион атанған-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив