Фристайлдан әлем кубогы. Юлия Галышева финалға бірінші орынмен шықты
Нью-Йорк Лейк-Плэсиде штатының ауылында фристайлдан әлем кубогы өтуде. Оның финалына үш қазақстандық спортшы – Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Фристайл бойынша 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева финалға бірінші орынмен шықты. Қарсыластарынан оқ бойы озған өскемендік спортшы қыз 75.24 ұпай жинады. Екінші орында француздық Перрин Лафон, іріктеу кезеңін 75.22 ұпаймен аяқтады. Үздік үштікті Джакара Энтони (Австралия) түйіндеп тұр, 74.21 ұпай.
Ал ерлер арасында отандастарымыз Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Колмаков Олимпиада чемпионы канадалық Микаэл Кингсбериге (83.97) жол беріп, екінші сатыға жайғасты. Еншісінде 82.51 ұпай. Сондай - ақ, үздік үштікке француз Бенджамин Кавет-80.40 кірді. Рейхерд бесінші орында, іріктеу кезеңін 79.82 баллмен аяқтады.
Шешуші жарыстар бүгін, 18 қаңтарда өтеді.