ШҚО-да қалың қар жауып, боран соғуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК аллдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
9 ақпан күні күндіз облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстың шығысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман болуы мүмкін.
- Тұрғындарға барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақату керектігін ескертеміз. Алыс жолға шығудан бас тартқаныңыз дұрыс. Егер жолға шыққан жағдайда өзіңізбен трос, күрек, терезе тазалағыш, қосымша жанармай, шам, жылы киім, телефон, толық қуатталған PowerBank, тамақ, ыстық шай құйылған термос алыңыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 нөміріне хабар беріңіз.
Оқи отырыңыз