KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

ШҚО: Сәуір айында ауа райы қандай болады?

3.04.2023, 16:39 275 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Көктемнің екінші айында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты құбылмалы ауа райы болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан циклондардың шығуына байланысты жаңбыр жауып, жел соғуы да мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, сәуір айының бірінші онкүндігінде шығыста жылы ауа райы күтіледі. Температура бағаны күндіз -0-5°С-тан +8+13°С-ты көрсетсе, түнде -7-20°С-тан 0-5°С-қа дейін төмендейді.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия тарапынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон көтеріледі. Ауа температурасы түнде  +5+13°С, күндіз +15+25°С аралығында болмақ.

  Десе де, Ресей аумағынан суық ауа массаларының ағуы кезінде ауа температурасы түнде -2-7°С дейін, күндіз-+6+13°С дейін төмендеуі мүмкін, дейді синоптиктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу