KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Өскемен мен Риддерде ауа ластанады

Фото: dpmmax.livejournal.com

18.01.2024, 09:13 325 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК 18 қаңтар күні, яғни бүгін Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Бейсенбі күні өңірде Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив