KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да алаяқ әйел танысының атынан несие алып жүрген

28.04.2019, 16:42 162

ШҚО-ның Аягөз қаласында 30 жастағы алаяқ әйел құрықталды. Ол өзінің танысының атынан бірнеше рет онлайн-несие алып, қарызға белшесінен батырып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 2018 жылдың наурыз айында болған. Алаяқ әйел 44 жастағы қала тұрғынының ішімдікке әуес екенін біліп, оны алдап-арбап, сеніміне кіреді. Осылайша, оның жеке бас куәлігін фотосуретке түсіріп, банк мәліметтерін біліп алады. Смартфонына интернет-банкинг орнатып, түрлі микронесие беретін мекемелерден оннан астам онлайн-несие рәсімдейді. Барлығы жарты миллиондай қарыз алғаны анықталып отыр.

Сәуірдің соңына қарай алданған әйел мойнында 600 мың теңге қарызы бар екенін біліп, бірден танысынан көреді. Ол несие алғанын мойындап, қарызды өтеуге уәде етеді. Алайда сол бойы уәдесін орындамаған соң, жәбірленуші полицияға арызданған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив