KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО тұрғыны бірнеше қаруды үйінде заңсыз сақтаған

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

14.09.2023, 12:41 178 Ләззат Қанатқызы

Үйінде заңсыз атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ-дәрілерін сақтаған тұрғын анықталды.

Күдікті «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасын жүргізу барысында ұсталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жеке учаскені шұғыл тінту кезінде полицейлер: 5, 6 мм калибрлі «ТОЗ – 16» үлгісіндегі бір зарядты аңшылық карабин, 20 калибрлі «БМ» үлгісіндегі қос ұңғылы шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі «ИЖ-18-Е» үлгісіндегі бір ұңғылы аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, бір ұңғылы 16 калибрлі «ЗҚ» маркалы шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ әр түрлі калибрлі 238 патрон тәркіленді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша 50 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу