Шығысқазақстандық тұрғыннан есірткі тәркіленді
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары шығысқазақстандық тағы бір тұрғыннан есірткі тәркіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Глубокое ауданының 36 жастағы тұрғынын марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ер адамның тұрғылықты жері бойынша дереу тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер қызметтік итті қолдана отырып, жалпы салмағы 5 кг-нан асатын жасыл түсті өсімдік тектес 6 бұта мен 13 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі. Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Оқи отырыңыз