KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Суық қару сатпақ болған семейлік студент ұсталды

12.10.2021, 16:01 220

Қазан айының басында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ қызметкері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында онлайн хабарландырулар платформасының «спорттық коллекция» санатында белгісіз тұлға «кастет» суық қаруын заңсыз сатпақ болған жарнаманы байқаған.

«Аталған ақпаратты тексеру үшін Криминалдық полиция бөлімінен арнайы топ құрылды. Белгісіз тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкері өзін сатып алушы ретінде таныстырады. Сатушы заң бойынша алып жүруге рұқсат етілмеген суық қаруды тұрғылықты жерінен өзімен бірге алып, тұтынушыға жеткізбек болады. Нәтижесінде күдіктінің Семей қаласының 18 жасар тұрғыны екені белгілі болады. Жауап алу барысында студент кінәсін мойындады»,- деді Семей қ. Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив