ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім біреудің мопедін ұрлап кетті
23 сәуірде Алтай қ.ПБ «102» жедел арнасына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамның гараждың құлпын сындырып, кіріп, құны 50 000 теңге тұратын «Racer» мопедін ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты «ізін суытпай» ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жасар жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған көлікті қайтарды.
- Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды. ШҚО Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.