"Ресейден арзан автокөлік айдап әкеп берем" деп алдады - ШҚО
2020 жылдың желтоқсан айының басында Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзін бейтаныс жігіттің алаяқтық жолмен ақшасын иемденіп, алдап кеткенін айтып, шағымданды.
Белгілі болғандай, қаскүнем жәбірленушіге Ресей Федерациясынан «Land Cruzer» автокөлігін нарықтық бағадан төмен бағаға айдап акелуге уәде берген. Нәтижесінде, Семей тұрғыны алаяққа 2 800 000 теңгені санап берген.
Жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 38-жастағы ер адам ұсталып, өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.