Өскемендегі дәмханалардың біріндегі төбелес адам өлімімен аяқталды
Өскеменнің Согра ауданындағы дәмханалардың бірінде төбелес шығып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлері бейнекамера жазбасы арқылы оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні қолға түсірді. Дәмханада төбелескендер – өзара таныс екі жігіт болып шықты. Ішімдіктен соң тұтанған жанжал кезінде бірі екіншісін пышақтап жіберген.
– Күдікті танысын бірнеше рет пышақтаған. Жапа шегуші жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев
Бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы азамат қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір «адам өлтіру» фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.