Робот дәрігер
Медицина саласының жетістіктері күн санап артып келеді. Соның бірі – қашықтан басқарылатын робот дәрігер. Америкалық ғалымдардың жасаған өнертабысы адам өміріне қауіпті қиын жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған.
Жаңа технологиялық медициналық көмекшіні Sheffield Robotics жасаған. Компания технологияны жедел әрекет ету қызметтері мен пациенттерді сұрыптау жүйелерінде қолдану мүмкіндігін көріп, робот көмегімен дәрігерлерді жылдам қосу арқылы қауіпті ортада қалып қойған немесе жұқпалы дерттен зардап шеккен науқастарға көмек көрсету идеясынан шабыт алған.
Робот дәрігер ауыр жағдайда алғашқы көмек көрсетіп, тексеруге арналған MediTel медициналық телебағдарлама технологиясын пайдаланады. Қашықтан басқару үшін роботқа шынайы виртуалдық жүйелері енгізілген. Робот дәрігерге медициналық құралдарды пайдалануға мүмкіндік беретін екі қол орнатылған. Сондай-ақ робот ішті пальпациялауға және автоинжектор арқылы дәрі-дәрмектерді науқасқа беруге қабілетті. Роботтың жұмысын бақылайтын оператор нақты уақыт режимінде деректерді алады, ал өзі оффлайн режимде жұмыс істейді.
Робот дәрігердің мүмкіндіктерін арттыру жоспарлануда. Оған науқасқа көмек көрсету бойынша тағы да бірнеше жаңа функциялар қосылмақ.
Медициналық сала соңғы жылдары қарқыны дамыды. Ал роботтық технологиялар оның ажырамас бөлігіне айналды. Мұндай технологиялар медициналық практикада тиімділікті арттыруға көмектеседі. Роботтар дәрігерлерге күрделі операцияларды жасауға көмектесіп қана қоймай, тиімділіктерін де дәлелдеп үлгерген. Себебі роботтардың жұмысы асқан дәлдікпен орындалады және адам ағзасына инфекция түсу қатері төмен болады. Оның үстіне, осыған дейін айтқан хирург роботтар операция уақытын қысқартуға сеп болып, алтын уақытты сақтауда үлкен рөл атқарған.
Робот дәрігерлердің тағы бір тиімділігі – маңызды кадрлардың жұмысын жеңілдетіп, басқа да күрделі жұмыстармен айналысуына мүмкіндік береді.
Ынтымақ Толқын